КИМЭП жұмыс

Адам ресурстарын басқару бөлімі КИМЭП-ті Қазақстанда жұмыс істеуші білім беру мекемелерінің арасындағы жетекші жұмыс беруші ретінде көрсететін стратегиялық бөлім болып табылады.

КИМЭП жергілікті, сондай-ақ шетелдік азаматтарға жоғары бәсекеге қабілетті жалақы мен кең ауқымды басқа да артықшылықтарды ұсынады.

Негізгі құндылықтар

Біздің бүкіл қызметіміз тұтастықты, ашықтықты, еркін іздеулерді және біздің студенттеріміздің, оқытушылар мен қызметкерлердің әл-ауқатына бей-жай қарамауды насихаттау мақсатымен негізгі құндылықтарға негізделеді.

Іріктеу үрдісі

Бос жұмыс орнына орналасу ниетіңізді білдіріп жауап берген болсаңыз, әрбір жұмыс іздеуші төмендегі кезеңдерден өтеді:

  1. Адамзат ресурстарын басқару бойынша бөлімнің жауаптарды қарауы (Өзіңіздің жауабыңыздың статусын-Менің профилім-Менің бос жұмыс орнына орналасу ниетімді білдіру жауабым статусын қараңыз)
  2. Белгілі бір бөлімнің/факультеттің іріктеу бойынша комиссиясының жауапты қарауы
  3. Іріктеп алынған кандидаттардың тізімін құру
  4. Сұхбаттасу үрдісі
  5. Кандидатты лауазымға бекіту және Сіздің жұмыс туралы ұсынысыңыз

Жұмысқа орналасу туралы құжаттар

Әрбір жаңа қызметкер жұмысқа орналасу үшін белгілі бір қажетті құжаттардың тізімін тапсырады. Шетел азаматы жұмыс визасы және/немесе жұмыс істеуге рұқсат қағазын алу үшін қажетті құжаттардың тізімін алдын ала тапсыруы қажет. ҚР азаматы барлық қажетті құжаттарды бірінші жұмыс күні тапсыруы керек.

Неліктен КИМЭП?

1997 жылы саны 300-ден аспайтын студенттен бастаған КИМЭП 3 000 аса студентке дейін өсті. Барлық сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі және бакалавриат пен магистратураның барлық оқу бағдарламалары халықаралық стандартқа сай келеді. КИМЭП Қазақстанның және жекелеп алғанда, ағылшын тілін еркін меңгерген жоғары білікті мамандардың халықаралық және жергілікті іскерлік қоғамдастығын шығара отырып, аймақтың халықаралық іскерлік орталығы болып табылатын Алматы қаласының дамуында маңызды рөл атқарды.

КИМЭП Университетіндегі жұмыс - бұл жай ғана жұмыс емес. Бұл жылдам экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге бейімделген аймақтағы жетекші жоғары оқу оқу орнының бір бөлігіне айналу мүмкіндігі.

  • Жеке деңгейде сіз студенттерден өзінің білім саласының көшбасшылары мен өз қоғамдастығыңыздың көшбасшыларын дайындауда негізгі рөл атқарасыз.
  • Университеттің бір бөлігі бола отырып, сіз бүкіл аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге көмектесесіз.

КИМЭП Университет і жоғары дәрежелі материалдық-техникалық базадағы әлемдік деңгейдегі білімді бере отырып өз миссиясын атқарады. Университеттің материалдық-техникалық базасы жақында салынып біткен жаңа академиялық ғимараттан, әлемдік деңгейдегі басқарушы білім орталығынан, халықаралық сападағы алғашқы студенттік спорт орталығынан және кең көлемді виртуалдық және нақты қорлары бар заманауи үлгідегі кітапханадан тұрады. Барлық оқу бөлмелері интернетпен және мультимедиалық құралдармен жабдықталған. Профессор-оқытушылар кабинеті барлық қажетті техникалық құралдармен жарақталған.

Негізгі құндылықтар

2009 жылғы 20 қарашада «КИМЭП Университеті» АҚ Қамқоршылар Кеңесі / Директорлар Кеңесі университеттің негізгі құндылықтарының өтінішін қабылдады. Осы арқылы алғаш рет құндылықтар бекітілді, соған сәйкес университет өзінің негізі қаланған кезден бастап қызмет істеуге күш салып келеді. Біздің қоғамдастығымыздың бағалы мүшелері ретінде сізден осы құндылықтарды назарға алуыңызды өтінеміз.

  • Біз өз студенттеріміздің, профессор-оқытушы және әкімшілік-қосалқы құрамның игілігін бағалаймыз.
  • Біз әрдайым алқалық және сенім жағдайындағы тұлғалық өсу мен кәсіби дамуды қолдап отырамыз.
  • Біз өзіміздің білімдік бағдарламаларымыз бен ғылыми-зерттеу жұмыстарымыздың сапасын бағалаймыз.
  • Біз өз студенттеріміздің жан-жақты даярлығын бағалаймыз, соның нәтижесінде олардың талабы, сонымен қатар бүкіл өмір бойына оқуға деген ұмтылысы мен қабілеті дами түспек.
  • Біз өз қызметін жоғары этика стандартына сай жүргізетін қоғамның болашақ көшбасшыларын даярлау барысындағы өзімізге жүктелген жауапкершілікті бағалаймыз.
  • Біз академиялық бостандық пен сөз бостандығы жағдайындағы білімді жасау, пайдалану және тарату үрдісін бағалаймыз.
  • Біз әділдік пен адалдықты бағалаймыз, сонымен қатар фаворитизм, протекционизм және коррупцияның пайда болуына жол бермейміз.
  • Біз шешімдер қабылдау барысында жауапкершілік алу қабілеттілігі мен ашықтығы сияқты ашық, адал ынтымақтастықты бағалаймыз.
  • Біз қоғамдастықпен, соның ішінде өз студенттеріміздің ата-аналарымен, Қазақстан Республикасының аумағындағы және бүкіл дүние жүзі бойынша бизнес ұйымдармен, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен әріптестікті бағалаймыз.
  • Біз өз оқу орнымыздың Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі жоғары беделін, сонымен қатар қоғам дамуына қосқан қомақты үлесін бағалаймыз.